Қоғам • 21 Мамыр, 2021

Өткен шомылу маусымында 70-ке жуық бала суға кеткен

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен шомылу маусымында 70-ке жуық бала суға кеткен

«Бұл Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін өзекті мәселе. Жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен суға түсуге болатын орындар айқындалады. Акваторияның, жағалау жиегінің жай-күйін тексергеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер осы жер учаскелерін жағажайлар ретінде пайдалану құқығына рұқсат береді. Тиісінше, инфрақұрылым ұйымдастырылуы керек, жүзуге болатын орындар, жүзуге болмайтын жерлерде шектеулер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін пост ұйымдастырылуы керек. Бұл, ең алдымен, жергілікті атқарушы органдардың жұмысы. Неге ішкі істер қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар өткіземіз? Себебі өткен жылы шомылу маусымында қайғылы оқиғалар болды. Тек шомылу маусымында 350 адам қайтыс болды, оның ішінде 70-ке жуығы бала. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін дұрыс емес және жабдықталмаған жерлерде шомылудың салдары осындай қайғылы оқиғаға әкелетінін білдіреді», деп қорытындылады елдің бас құтқарушысы.