Аймақтар • 21 Мамыр, 2021

Қостанай облысының тұрғыны 9-қабаттан құлап кетті

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша істі тергеуде, деп хабарлайды Egemen.kz Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының тұрғыны 9-қабаттан құлап кетті

WhatsApp желісінде мәйіттің жанында полицияның жұмыс істеп жатқаны түсірілген видео тарап кетті. Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 2021 жылдың 20 мамыры күні Лисаковск қаласында болған. «47 жастағы әйел 9-қабаттағы өз пәтерінің терезесінен құлаған. Қазіргі кезде осы факт бойынша тексеру жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды», деп қысқа қайырды полиция.

Аталған фактіге қатысты «Өзін-өзі қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша соталды тергеу басталды.