Диалог алаңы атауының негізіне Y (1980-1997 ж.т.) және Z (1997-2015 ж. т.) буындарының белгілері алынды.
Клуб шеңберінде Комитет жастар қоғамдастығы өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізетін болады.
Диалог платформасының жұмысы 2021 жылдың 21 мамырында өткен Комитет төрағасы Ержан Нүкежановтың «VERSUS» жас дінтанушылар қауымдастығы өкілдерімен кездесуінен басталды.
Кездесу Нұр-сұлтан қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайының жанындағы саябақта, қатысушылар арасында ашықтық, сенім және келісім атмосферасында өтті.
Кездесу барысында дінтану және теология мамандықтарының түлектерін жұмысқа орналастыру, әлеуметтік желілердегі діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмысқа жастар мен азаматтық қоғамды тарту, сондай-ақ дін саласындағы жаңа жобалар мен тәсілдерді бірлесіп әзірлеу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдегі діни ахуалды жақсарту мақсатында өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға келісті.
«YZ CLUB» диалог алаңы шеңберінде іс-шаралар өткізу дін саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге жастарды тартуға және елде діни экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу мәселелерінде азаматтық сана деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
АҚДМ Дін істері комитеті дін саласындағы өзекті мәселелерді жастармен талқылауға арналған «YZ CLUB» жаңа диалог алаңын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет басшысы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Үкімет • Бүгін, 16:12
Астанада Тәуелсіздік күніне орай жүзуден республикалық турнир өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:12
Алматыда Тәуелсіздік күні қалай тойланады
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Цифрлық дәуірдегі ақиқат күресі
Пікір • Бүгін, 15:50
Түркістанда жаңа жылға орай қаланы безендіруге қаржы бөлінбейді
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Түрлі-түсті металдар бойынша 60 перспективалы учаске анықталған
Қазақстан • Бүгін, 15:19