Қазақстан • 22 Мамыр, 2021

Іздеудегі қазақстандық Беларусь елінде ұсталды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусьтен халықаралық іздеудегі адам елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратура таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Іздеудегі қазақстандық Беларусь елінде ұсталды

«Бүгін Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполының қызметкерлері Белорусьтен Владимир Тургуновты экстрадициялады. Ол қару қолдану арқылы қарақшылық шабуыл жасау, адам ұрлау және 100 млн теңгеден астам сомаға бөтеннің мүлкін ұрлауды ұйымдастыру қылмыстары бойынша күдікке іліккен. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған»,  делінген ведомство ақпаратында.

Бас прокуратура мәліметінше, қазіргі уақытта В. Тургунов Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.