Аймақтар • 23 Мамыр, 2021

Ақтөбеде 100-ден аса адамды кене шаққан

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл соңғы бір айда тіркелген дерек, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбеде 100-ден аса адамды кене шаққан

Дәрігерлер зиянкес жәндіктерден зардап шекендерден туляремия ауруы анықталмағанын айтады. Дегенмен белгілі мерзімге дейін тұрғындардың денсаулығы бақылауда болады дейді. Дерт жұқтыру жағдайы облыста екі жыл бұрын болған. Ал өңірдің Алға, Әйтеке би, Ырғыз, Қобда және Ойыл аудандарында туляремияның табиғи ошақтары бар. Сондықтан ондағы тұрғындар дертке қарсы жоспарлы түрде екпе алуы тиіс. Биыл кенеге қарсы өңірде қанша адамның нақты вакцина алғаны осы айдың соңында белгілі болмақ. Санитарлық дәрігерлер кене шаққан жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгіну керектігін ескертіп отыр.

– Табиғи ошақтарда орналасқан аумақтарында тұратын тұрғындар жеті жасында вакцинация алуы керек. Сосын ревакцинацияға бес жылдан кейін жатады. Аудандарда өзінің жоспарға сәйкес жататын адам вакцинасын алып жатыр. Ол біздің қадағалауымызда, - дейді  облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Гаухар Игілікова