Хоккей • 23 Мамыр, 2021

Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан командасы Финляндиямен кездеседі

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Латвия астанасы Ригада өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан командасы екінші кездесуін өткізеді деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан командасы Финляндиямен кездеседі

Бүгін қазақстандықтар Финляндия құрамасына қарсы ойнайды. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 19:05-те басталады. 

Айта кетелік, Қазақстан командасы алғашқы матчта Латвиямен кездесіп, буллит сериясы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетті.

В тобында сынға түсетін Юрий Михайлис шәкірттері екі ұпаймен өз тобында төртінші орында келеді.  Бұл топта алты ұпай жинаған Германия көш бастап тұр. Төрт ұпайы бар Латвия командасы екінші, үш ұпай еншілеген Финляндия үшінші орында. 

Канада, Норвегия және Италия командалары әзірге ұпай алған жоқ.