Оқиға • 23 Мамыр, 2021

Ақтауда биік үйдің қабырға қаптамасы опырылып түсті

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желдің қатты әсерінен 23 мамыр таңғы сағат 3.30-да 30 шағынаудан 169 тұрғын үйдің бір қабырғасының қаптамасы құлап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда биік үйдің қабырға қаптамасы опырылып түсті

Оқиға салдарынан газ құбырына зақым келген. Пәтерлердің салқындатқыш құралдары да босап қалған. Бастысы, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына қала әкімінің орынбасары С.Гусман мен әкімдікке қарасты тиісті жауапты бөлімдер және төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері барып,  жұмыс жүргізді. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қауіптің алдын алу мақсатында уақытша газ беруді тоқтатты. Жағдай реттелгеннен кейін құбырлар тексерістен өтіп көгілдір отын қайта берілетін болады.
Қоқыстарды «Ақбота» МКК жұмысшылары арнайы техникасымен тазалады.

Түстен кейін, тиісті мамандармен қабырғаның қалған ажырап тұрған бөліктері сүріліп, ақаулар бойынша мәлімдеме жасақталады деп жоспарланған.

Тұрғын үйді толығымен қайта қалпына келтіру жұмыстары қала әкімдігінің бақылауында болмақ.