Әлем • 23 Мамыр, 2021

Қытайда спорттық марафон кезінде 16 адам қаза тапты

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың солтүстік-батысында таулы аумақта өтіп жатқан ультрамарафон барысында ауа райы күрт өзгеріп, дауыл тұрып, артынан бұршақты жауын жауған. Соның салдарынан 16 адам қаза тауып, тағы 5-еуі ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қытайда спорттық марафон кезінде 16 адам қаза тапты

Xinhua агенттігінің мәліметінше, сенбі күні түскі сағат 13.00 шамасында ауа райы күрт өзгеріп, найзағай ойнап бұршақты жаңбыр жауған. 100 км-ге жүгіру марафоны таңертең Байинь қаласы маңында бастау алған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты жарыс тоқтатылған. Құтқару жұмысына 700-ге жуық адам жұмылдырылған, олар 151 адамды қауіпсіз жерге көшіріпті. Сондай-ақ 16 адамның денесін тапқан.

Қазір марафонға қатысушылардың барлығы қауіпсіз жерге жеткізілген, оның ішінде бес адам ауруханаға түскен.