Аймақтар • 24 Мамыр, 2021

Түркістандықтан 6,5 келіден астам есірткі тәркіленді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында Түркістан тұрғынынан 6,5 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістандықтан 6,5 келіден астам есірткі тәркіленді

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласының автобекеті аумағында Түркістан облысының 55 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mazda көлігін тоқтатқан. Аталған көліктің салонынан полиэтилен пакетке салынған жалпы салмағы 6 келі 655 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленген.

«Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.