Әлем • 24 Мамыр, 2021

COVID-19: Израиль елдегі барлық шектеулерді алып тастамақ

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израиль маусым айынан бастап елдегі пандемияға байланысты бұрын қойылған барлық шектеулерді алып тастмақ. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19: Израиль елдегі барлық шектеулерді алып тастамақ

«Пандемия басталғаннан бері бірінші рет Израиль аумағындағы барлық шектеулер 1 маусымда жойылады», деп хабарлады министрлік.

Алайда, елге келетін туристерге карантиндік режим сақталады, тіпті шектеулер күшейтілуі мүмкін. Израильде бес миллионнан астам адам (халықтың 55 пайызы) коронавирусқа қарсы екі рет екпе алған.

Мейрамханаларға, барларға және спорт залдарға тек толық вакцинацияланған азаматтар еркін кіре алады.

Израиль вакцинация бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің біріне айналды. Сәуір айының басында мұнда ересек тұрғындардың 80 пайызға жуығы вакцинациядан өтті.

Наурыз айының басында премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израиль COVID-19-ды жеңген алғашқы ел екенін айтты. Израильде халықты жаппай вакцинациялау 2021 жылдың қаңтарында басталған.

Мемлекет осы қажеттіліктер үшін американдық Pfizer вакцинасын сатып алды. Екпе бірінші кезекте созылмалы аурумен ауыратын адамдарға жасалды.