KazFootball.kz мәліметінше, 33 жастағы Шпилевский команданың бас бапкері қызметінен кетуге жақын. Еліміздің қазіргі чемпионы осы маусымды сәтсіз бастады, 13 турда бес рет қана жеңді.
Бердыевты футбол жанкүйерлері соңғы рет «Астана» - «Қайрат» орталық матчінде алматылық клубтың басшыларымен көрген.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның «Қайрат-Мәскеу» командасы Ресейдің екінші лигасында өнер көрсететіні хабарланған болатын. Клуб ресми түрде чемпионатқа қатысуға жолдама алды.