Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 24 мамырынан 5 маусымына дейін Талғар көшесінен Обаған көшесіне дейінгі учаскеде ішінара көлік қозғалысы шектелетін болады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.