Аймақтар • 24 Мамыр, 2021

Шығыс Қазақстанда 1 500-ге жуық адамды кене шақты

733 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді 1,3 мыңнан астам адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда 1 500-ге жуық адамды кене шақты

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында кенеге қарсы өңдеу шараларымен аудандардың 97,5% қамтылған. 2020 жылғы эпидемиялық маусымда облыстың 7 эндемиялық аумағында (Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті аудандарында, Риддер, Өскемен қалаларында және Алтай ауданында) кене энцефалитінің 21 жағдайы тіркелген. Ағымдағы кезеңде облыс аумағында кене инфекцияларымен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ.

Көктемгі салқын ауа райының салдарынан биыл кене шағудың эпидемиялық маусымы кеш басталғандықтан, бүгінге дейін кене шағу жағдайлары аз тіркелген. 23 мамырдағы жағдай бойынша облыстың эндемиялық аумақтарында кене шаққан 1494 адам жүгінген. Олардың 502-сі – 14 жасқа дейінгі балалар.

Аурудың алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 1320 адам алды. ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Глубокое (Карагужиха ауылы – 10 га) және Ұлан («Аюда» демалыс базасының маңы -10 га) аудандарынан басқа, кене энцефалитімен сырқаттанушылық бойынша эндемиялық аудандарда «Республикалық деңгейде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша кенеге қарсы өңдеудің көктемгі турын аяқтаған.

Жоспарланған 755 га жердің 735 га өңделген. Дәлірек айтқанда, өңдеу шараларымен аудандарымен 97,5% құрады. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы кене энцефалиті вирусын жұқтырудың «жоғары» қаупі бар аумақтарға жатады.

Мұндағы сырқаттанушылық деңгейі республика бойынша орташа көрсеткіштен 1,5 есе жоғары. Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Көкпекті (Самар өңірі), Ұлан, Шемонаиха аудандарының аумақтары және Риддер, Өскемен қалаларының айналасы кене энцефалитінің табиғи ошақтары саналады.