Аймақтар • 24 Мамыр, 2021

Елорда мектептеріне «бомба» қойған күдікті іздестірілуде

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін белгісіз біреулердің жарылғыш зат қойылғаны туралы білім беру мекемелерінің электронды пошталарына хат жолдағаны туралы полицияның «102» арнасына бірнеше шақырту келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда мектептеріне «бомба» қойған күдікті іздестірілуде

Қазіргі кезде мектептердің аумағынан адамдарды көшіру аяқталды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Азаматтардан дүрбелең тудырмауды және мессенджерлерде жалған хабарламаны таратпауды сұрайды.