Спорт • 24 Мамыр, 2021

Гимнастарымыз әлем кубогінде бақ сынайды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 мамыр күні Италияның Пезаро қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК сілтеме жасап.

Гимнастарымыз әлем кубогінде бақ сынайды

Аталған сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Жекелей сында Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова өнер көрсетпек. 

Айта кетелік, Әділханова мен Тілекенова 6 маусым күні Ташкентте өтетін лицензиялық Азия біріншілігінде де бақ сынайды.  Италиядағы кубоктік кезең 30 мамыр күні мәресіне жетеді.