Оқиға • 24 Мамыр, 2021

Ұлттық ұлан офицері сегіз адамды өрттен құтқарды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда Ұлттық ұлан офицері өртті сөндіріп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ұлан офицері сегіз адамды өрттен құтқарды

Бүгін, 24 мамыр күні сағат 13.00 кезінде Ұлттық ұлан Әскери институтының әскери қызметшісі аға лейтенант Доскен Есжанов қызметке дайындалып жатқанда, Жамбыл көшесінде орналасқан өз үйінің подъезінен түтінді байқап, бірден өрт сөндіру қызметіне хабарласады.

Өрт көпқабатты үйдің 7-ші қабатында орналасқан пәтер терезесінен бастау алған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі келгенше Ұлттық ұлан офицері өртті ауыздықтап, тұрғындарды подъезден қауіпсіз жерге жылдам алып шығады.   

Доскен өрт сөндіру қызметкерлерімен бірлесіп, жалпы саны сегіз адамды қауіптен құтқарды, оның екеуі – балалар.

Ұландық офицердің кәсіби және шұғыл әрекетінің арқасында өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.