Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Асығы алшысынан түсті

659 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласында асық атудан өткен Ұлттық мектеп лигасы додасында Қара­ғанды облысының аты­нан қатысқан Нұр­дәу­лет Есімов тамаша өнер көрсетіп, чемпион атанды.

Асығы алшысынан түсті

Сайыс барысында мер­генді­гі­мен көзге түсіп, жеңім­паз бол­ған өренге «Ал­тын сақа» сыйлы­ғын респуб­лика­лық Асық ату федера­циясының вице-пре­зи­ден­ті Жомарт Са­быржанов табыс етті.

Аталған жарысқа еліміздің әр қиы­рынан жас шамалары 13-14-тегі 50 оқу­шы қатысқан болатын. Ал Қа­рағанды об­лы­­сының намысын алты оқушы қорғады.

«Алтын сақа» иегері Нұр­дәулет Есі­мов Абай ауданына қарасты Құ­лай­ғыр ауы­лын­дағы «Топар» жалпы білім беретін мектебінің 8-ші сыныбында оқи­ды. Асық ату спор­тымен ол сегіз жа­­сынан бері айналысады екен. Атал­ған білім мекемесінде дене шы­нықтыру пәнінен сабақ беретін Нұрлан Рахметов жас спорт­шының жаттығудан қал­майтын тәртіпті, айт­қанды екі еткіз­бейтін елгезек және ерен еңбекқор екенін айтады.

Бұл жеңіс Нұрдәулетке кездейсоқ келген жоқ. Ол бұ­ған дейін де асық атудан аудандық және облыстық жарыс­тарда топ жарып жүрген тәжірибелі ойынш­ы болатын.

 

Қарағанды облысы