Коронавирус • 25 Мамыр, 2021

Қазақстанда коронавирус жұқтыру қаупі сейілді – Алексей Цой

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы аптада елімізде коронавирустың анықталған жағдайы 4 мыңға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда коронавирус жұқтыру қаупі сейілді – Алексей Цой

«Қазіргі уақытта ауру таралуы төмендеуінің оң динамикасы байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді. Соңғы аптада сәуір айының соңы мен мамыр айының басындағы ауру-сырқау көрсеткішімен салыстырғанда коронавирус инфекциясы жағдайының анықталған саны 4 мыңға дейін төмендеді. Толықтай алғанда ауруға шалдығу 20 пайызға төмендеп отыр», деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.