Марқұм құрылысы толық аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесіне шығып ойнаған.
«Екі қабырғаның арасында саңылау жұқа қаңылтырмен жабылған. Қабырғалар арасындағы қашықтық шамамен 20-30 см және осы параққа басып, бала үйлер арасындағы саңылауға түсіп кеткен», деді Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқиға 24 мамыр күні күндіз болған. Куәгерлердің сөзінше бала арматураға қадалып қалған көрінеді. Аудан әкімі Қайдар Абдыханов оқиға орнына барып, тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді тапсырды. Қайғылы жағдай бойынша тексеріс басталды.