Триатлон саябағында бөртегүл бағы, ал Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры мен «Астана Балет» аумағында жасыл бақ пайда болады.
Ә.Мәмбетов атындағы көше жаз мезгілінде жаяу жүргіншілер үшін бұрынғыдан да ыңғайлы бола түседі. Мұнда демалыс күндері автокөлікпен жүруге тыйым салынады. Себебі жол бойында фестивальдер, жәрмеңкелер және өзге де шаралар өтеді.
«Бұл Мамбетов көшесіне ғана қатысты емес. Жақып Омаров көшесінің жартысы жасалынып болды. Ол республика көшесінен, Әуезов көшесіне дейін жасалып, ол жерде субұрқақтары енгізіледі», дейді қалалық сәулет жер басқармасының қала жоспарлау бөлімінің басшысы Нұрәділ Ғалымжан.
Биыл Елордада миллионнан астам жасыл желек отырғызылады. Қазір қалада экоаймақтар мен «жасыл аралдар» бар. Мәселен, «Астана Опера» аумағында емен және бөртегүл бақтары пайда болды.