Экономика • 25 Мамыр, 2021

Доллар тағы да арзандады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасындағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша, теңгенің 1 АҚШ долларына қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар тағы да арзандады

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 24 мамыр кешімен салыстырғанда 1,21 теңгеге құлдырап, 1 доллар 426, 37 теңге болды.

Ұлттық банктің 25 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427, 58 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 427,43 теңге, сатып алу – 425,88 теңге.

Елордадағы ақша айырбастау пункттерінде сату бағамы 427,11 теңгеден болса, ал сатып алу – 426, 04 теңгені құрайды.