Әлем • 25 Мамыр, 2021

17 күнін шөлде өткізген ер адам аман қалды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та ер адам 17 күнін Орегон штатындағы шөлде өткізіп, аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

17 күнін шөлде өткізген ер адам аман қалды

69 жастағы Гарри Берли 6 мамыр күні балық аулауға шығып, сол күйі үйіне оралмаған. Ал оның көлігі 8 мамыр күні табылды. Құтқарушылар американдықтың ізімен жүріп отырған. 23 мамыр күні ер адам өзі қолдан жасалған үйшіктен табылды. Ер адам сол үйшікті уақытша паналап келген. 

Жергілікті билік мәліметінше, оның денсаулығы қалыпты, тек жүрген кезде аяғы ауыратын көрінеді. Берли тікұшақпен ауруханаға жеткізіліп, толық тексерістен өткен. Қазір ол ем қабылдап жатыр.