Оқиға • 25 Мамыр, 2021

Павлодарлық полицей өз-өзіне оқ атты

1093 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында полиция қызметкері аудандық прокуратура дәлізінде өз-өзіне оқ атты. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарлық полицей өз-өзіне оқ атты

Қазіргі таңда полицейлер әріптесінің бұл әрекетіне не себеп болғанын анықтап жатыр.

Полиция мәліметі бойынша, 24 мамырда әлеуметтік желілерде Железин ауданының аға тергеушісі табельдік қарудан оқ атып өзін өлтіргені туралы хабарлама тараған.

Павлодар облысының Полиция департаменті полицейдің қаза болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Железинка ауылында 23 мамырда сағат 18.10-да аудан прокуратура ғимаратының дәлізінде Железин ауданының аға тергеушісі табельдік қарудан оң иығына оқ атты. Полиция қызметкері ауруханаға жатқызылып, ота жасалды», деді аймақтық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Оның айтуынша, қызметкердің денсаулығына қауіп төндіп тұрған жоқ, өмірлік маңызды органдары мен сүйегі зақымданбаған.

«Аталған дерек бойынша Павлодар облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК-ның 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», деді Өтеуов.

Тергеу жүргізіліп жатқан «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабының санкциялары 3 жылдан 5 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.