Оқиға • 25 Мамыр, 2021

Семейде марихуана өсірген тұрғын ұсталды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында жылыжайда марихуана өсірген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде марихуана өсірген тұрғын ұсталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына 34 жастағы қала тұрғынының есірткі заттарын сақтайтындығы туралы ақпарат түскен. Полиция қызметкерлері ер адамның үйіне барып тексеру жұмыстарын жүргізген.

«Оның үйінің ауласындағы жылыжайдан ерекше иісі бар өсімдіктің сегіз бұтағы тәркіленді. Сонымен қатар теледидар астындағы тартпадан жасыл түсті зат салынған полимер қапшық табылған. Сараптама нәтижесінен анықталғандай, бұл жалпы салмағы 6,4 граммды құрайтын кептірілген марихуана болып шықты»,  деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20