Оқиға • 25 Мамыр, 2021

Бейнеуде мектеп бітірушілер арасында төбелес болды

988 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы ауылда екі мектеп оқушылары арасында төбелес болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейнеуде мектеп бітірушілер арасында төбелес болды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша 25 мамыр күні сағат 11.00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы. Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында 7 адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, мектептердегі соңғы қоңырауға байланысты полиция күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшті.

Маңғыстау облысының полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершіліктің бар екендігін ескертеді және осы күні мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырады.