Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Қостанайда мектеп оқушысы суға кетті

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қостанайдағы №29 мектептің 9-сынып оқушысы суға батып кетті.  Қайғылы оқиға түске дейін «Аэропорт» шағын ауданындағы шағын су қоймасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда мектеп оқушысы суға кетті

Бала мектептегі соңғы қоңыраудан кейін анасымен бірге үйіне кеткен. Кейін достарымен бірге аталған шағын ауданда орналасқан «Керуен» саябағына барып, суға секірген.

«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Куәгерлердің сөзінше, бала аласа көпірдің үстінен суға секіріп кетіп, содан шықпаған. Қазір бірдеме айтудың өзі қиын. Бұл су қоймасының терең шұңқырлары, тайыз және өте терең жерлері бар. Куәгерлер баланы құтқармақ болып суға сүңгіген. Біреулер полицей сүңгіді дейді. Алайда, өкінішке қарай, баланы құтқарып қала алмаған», деді жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Виктор Шиллер.