Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Нұр-Сұлтанда өкпесінің 90 пайызы зақымданған науқас емделіп шықты

324 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорданың 30 жастағы тұрғыны мамыр айының басында өкпесінің 90%-ы зақымдануымен №3 көпбейінді қалалық ауруханаға түскен. Дәрігерлердің жұмысының нәтижесінде науқас бүгін емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда өкпесінің 90 пайызы зақымданған науқас емделіп шықты

4 мамыр күні 30 жастағы ер адам ковидтік аурухана ретінде қайта бейімделген №3 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Науқас ауыр жағдайда реанимацияға 90% өкпе зақымдануымен стационарлық емге жатқызылған болатын.

Науқастың айтуы бойынша ауру біртіндеп өрши бастады. 2-3 күннен кейін науқаспен байланыста болған әйел де сол ауруханаға жатқызылды.

«Алдымен мен үйде емделуге тырыстым. Өзін-өзі емдеу ауыр жағдайға әкелді. Екі күннен кейін менің туысымды емдеуге жатқызды, оған да COVID-19 диагнозы қойылды», дейді науқас.

Ер адам жансақтау бөліміндегі медбикелер мен санитарларға ерекше алғысын білдіреді.

«Санитарлар мені қасықпен тамақтандырды, себебі мен өзім дем ала алмадым, тамақ іше алмадым. Соның бірі – Азия, есімі есімде қалды. Тағы екі санитар бар еді, аты мен тегі есімде қалмапты. Өкінішке орай, мен оларды көшеде көрсем танымаймын, өйткені олар ЖҚҚ-мен жұмыс істейді – ештеңе көрінбейді», дейді ер адам.

Сондай-ақ, егер медицина қызметкерлерінің мұндай мейірімді, қамқор қарым-қатынасы болмаса, сау қалпына өзі келе алмас еді дейді науқас.

«Бізді емдеуде медбикелер де, дәрігерлер де маңызды рөл атқарды. Олардың бәрі өте үйлесімді және бірлесе отырып жұмыс істейді. Сол себепті осы нәтижеге қол жеткізді. Әрине, көп нәрсе басшылыққа байланысты. Дұрыс ұйымдастыру көп нәрсені шешеді. Мен жұмысты орынды ұйымдастырған № 3 КҚА директорына алғыс білдіремін. Менің емделіп шығуыма және сауығуыма үлестерін қосқан медицина қызметкерлерінің бәріне алғысымды білдіремін», деді науқас.

Кардиолог Дарига Біләлова науқастың жағдайы өте ауыр болғанын атап өтті. Дәрігердің айтуынша, штаттан тыс мамандармен емдеу тактикасы бойынша кеңес бірнеше рет өткізілді.

«Ерекше ауыр жағдай болды. КВИ тек өкпенің ғана емес, бауырдың, бүйректің және науқастың жүрегіне қатты әсер етті. Науқас дұрыс режимді ұстанып, біз тағайындаған емдеуді одан әрі сақтаса, онда ол толық қалпына келеді деп сенеміз», деп толықтырды орталық дәрігерлері.