«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 26 мамыр мен 25 маусым аралығында Розыбақиев көшесінің бойындағы Березовский көшесінен Ходжанов көшесіне дейінгі қозғалыс жабық болады.
26 маусым мен 25 шілде аралығында - Байқадамов көшесінен Березовский көшесіне дейін авткөлік қозғалысы тоқтатылады.
«Уақытша шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астында өтетін магистральдық құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты. Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады», делінген хабарламада.