Қоғам • 26 Мамыр, 2021

Балаларды терезеден құлаудан қалай қорғауға болады?

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онлайн брифингіде Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев өңірдегі көпқабатты үйлердің терезелерінен жас балалардың құлап кетуіне және олардың ауыр жарақат алуына немесе тіпті өліміне әкеп соққан оқиғалардың негізгі себебі ата-аналардың немқұрайдылығы және жас балаларды қараусыз қалдыруынан келеңсіз жайттарға тап болып жатқанын айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz 

Балаларды терезеден құлаудан қалай қорғауға болады?

Нұрлан Атығаев жыл сайын күннің жылуымен облыста көп қабатты үйлердің терезелерінен екі жастан алты жасқа дейінгі балалардың құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың саны артып келе жатқанын баса айтты.

Мәселен, биылғы жылдың бес айында Ақмола облысы бойынша көпқабатты үйлердің терезелерінен жас балалардың құлап кетуінің төрт жағдайы тіркелді, оның ішінде өткен аптада ғана үш оқиға орын алды.

«Бүгінде үш бала ауруханадан шығарылып, үйде жатыр, олардың жағдайы тұрақты. Мәселен, 14 мамырда Көкшетау қаласында бала өлімімен аяқталған бір оқиға тіркелді. Барлық жазатайым оқиғалардың негізгі себебі ата-аналардың қарапайым немқұрайлылығы, атап айтқанда, жас балаларды қараусыз қалдыру, жақын маңдағы ересектердің ұқыпсыздығы болып табылады», деп атап өтті Н.Атығаев.