Әлем • 26 Мамыр, 2021

АҚШ пен Қазақстан арасында экономикалық ынтымақтастық күшейе түспек

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Юта штаты өкілдерінің шақыруымен Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы ресми іссапармен Солт-Лейк-Сити қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ пен Қазақстан арасында экономикалық ынтымақтастық күшейе түспек

Сапар барысында Юта штатының лейтенант-губернатор Дейдре Хендерсонмен кездесіп, екі жақты экономикалық, мәдени, ғылыми ынтымақтастық жөнінде сөз қозғалды. Дейдре Хендерсон өз кезегінде екі жақты тиімді қатынастарды қолдайтынын және Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.  

Сапар бағдарламасының маңызды бөлігі пайдалы қазбаларды өндіру, туризм, ауыл шаруашылығы қауымдастықтарының басшыларымен және осы салалардағы штаттың жетекші компанияларымен кездесу болды.

«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының Солтүстік Америка аймағы бойынша ресми өкілі Ғалымжан Матаев еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді және американдық компаниялар тарапынан қызығушылық тудыратын бірқатар нақты жобаларды таныстырды.

Сапар қорытындысы бойынша екі жақ тараптан қызығушылық тудыратын нақты жобалар бойынша жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.