Әлем • 26 Мамыр, 2021

Байден мен Путин 16 маусымда кездесетін болды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ пен Ресей президенттері Джо Байден мен Владимир Путин 16 маусымда Женевада жүздеседі. Президент Байден мемлекет басшысы қызметіне кіріскелі бері алғаш рет Путинмен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Байден мен Путин 16 маусымда кездесетін болды

Ірі ядролық державалар басшыларының кездесуі туралы мәліметті Вашингтон мен Мәскеу бір уақытта жариялады, деп жазады centralasian.org.

Байден мен Путин Ресей-АҚШ қарым-қатынасын, стратегиялық тұрақтылық мәселелерін, коронавирус пандемиясымен күрес, аймақтардағы жанжалдарды реттеу жолдарын талқылайды.

Дүйсенбі күні АҚШ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан мен Ресей Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Николай Патрушев өзара кеңескені мәлім болды. Олардың бірлескен мәлімдемесінде тараптар өзара қарым-қатынастың жақсаруына мүдделі екені айтылған.

Саммит өткізу туралы ұсынысты Байден сәуірде Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде айтқан. Сол кезде екі ел арасында дипломатиялық жанжал ушығып тұрған еді.