Оқиға • 26 Мамыр, 2021

Кәріз шұңқырына құлап кеткен сәби көз жұмды

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында бір жастағы бала кәріз шұңқырына құлап кетіп, мерт болды. Қайғылы жағдай Кеген ауылында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәріз шұңқырына құлап кеткен сәби көз жұмды

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті болған оқиғаға байланысты пікір білдірді. Бала ойнап жүріп, абайсызда кәріз шұңқырына құлап кеткен.

«Оқиға 21 мамыр күні болған. Бір жастағы бала жеке үйдің ауласында ойнап жүріп, моншаның кәріз шұңқырына түсіп кеткен. Ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз», деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.