Тағайындау • 26 Мамыр, 2021

Солтүстік Қазақстанда бірқатар лауазым иесі тағайындалды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ және «Қазпошта» АҚ филиалдарына жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда бірқатар лауазым иесі тағайындалды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ СҚОФ директоры болып Жәнібек Қамбаров тағайындалды. Жәнібек Қамбаров 1982 жылы туған. Көкшетау қаласының экономика және менеджмент институтын, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін қаржы-заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары болып еңбек етті.

Сондай-ақ «Қазпошта» АҚ төрағасының бұйрығымен Нұркен Рүстем СҚО филиалының директоры болып тағайындалды.

Нұркен Рүстем 1988 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы қазақ гуманитарлық заң университетін, Алматы экономика және статистика академиясын заңгер, экономика және бизнес мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Осы тағайындауға дейін «Казпошта» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиал директорының орынбасары болып жұмыс істеді.