Аймақтар • 26 Мамыр, 2021

Елордада бір тәулікте 53 өрт болды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық өрт сөндірушілер терек мамығының жануына байланысты бір тәулікте 53 рет өртті сөндірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада бір тәулікте 53 өрт болды

«Қазгидромет 25-26 мамырда қаладағы ауа температурасының 36 градусқа дейін көтерілетінін ескертті. Қаладағы құрғақ ыстық күн райынан өрт қаупі күшейе түседі. Сонымен бірге, теректер мамығы жағдайды күрделендіре түскен. Тіркелген оқиғалардың көпшілігі адам кінәсінен болған. Бір ғана 24 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері терек мамығының жануына байланысты 53 рет өрт орындарына шықты», деді қалалық ТЖ Департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы.

Халықтың отты абайсыз пайдалануы, темекінің, сіріңкенің шаласы өртке әкеп соқтықтырады. Сондай-ақ балалар да қызық үшін терек мамығын өртеп жібереді.

ТЖ департаменті терек мамығы өртін болдырмау және азайту мақсатында коммуналдық қызметтердің, пәтер иелері кооперативтерінің аулаларды, тротуарларды, сондай-ақ оттың тез таралу қабілетіне байланысты терек мамығы жиналатын басқа да орындарды тазалау жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертеді.