Аймақтар • 26 Мамыр, 2021

Тоғанды ластаған мекемеге айыппұл салынды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облыстық Экология департаменті тоған суының ластануы бойынша тексеру жұмыстарын 5-20 мамыр аралығында жүргізген. Соның нәтижесінде «Қазмырыш» ЖШС Алтай тау-кен байыту комбинатының өрескел заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоғанды ластаған мекемеге айыппұл салынды

 

«Экологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тоғанға төгілген су көрсетілген шектен асып кеткен. ҚР Экологиялық кодексінің 225-бабы 4-тармағына сәйкес жер үсті су қоймаларына ағызылатын сарқынды су мөлдір, бояусыз, иіссіз болуы қажет, сондай-ақ құрамында ауру тудыратын бактериялар және гигиеналық нормативтерден асатын концентрацияларда адам денсаулығы мен жануарлар үшін зиянды заттар болмауы тиіс», делінген департамент мәліметінде.

Зерттеу нәтижесінде, сарқынды суда эмиссиялар бекітілген нормативтерден марганец бойынша – 140 есе, мырыш – 44,8 есе, тұз аммонийі – 2,3 есе, нитрит-ион – 5,1 есе, сульфаттар – 5,7 есе, мыс – 5 есе асқаны анықталды.

Осындай құқық бұзушылық жасаған «Қазцинк» ЖШС-ға 291 700 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.