«Министрлік негізгі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бірінші – интернеттегі діни экстремизм идеологиясына қарсы күрес, екінші – нақты мақсатты топтармен ақпараттық-түсіндіру жүргізу, үшінші – жат діни ағым құрбандарын оңалту жұмыстары», деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
Оның айтуынша, радикалды діни ағымдар идеологиясы негізінен интернет ресурстар арқылы таралады. Бұл ретте, экстремистік діни ақпараттың алдын алу мақсатында интернет желілеріне ұдайы мониторинг жүргізіледі. Былтыр осындай 73 000 деструктивті материал бұғатталып, БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы 80 000-нан астам діни ағарту жұмыстары жарияланды.
Халыққа сапалы діни ақпарат беру мақсатында бүгінде 229 түсіндіру-насихат тобы бар. Жоғары сауатты, кәсіби сарапшылардан тұратын үгіт-насихат тобы 1,5 миллион халықты қамтыған 16000-нан астам нақты ағарту шараларын жүргізді. Әсіресе радикалды діни ағымдар ықпалына түсу қаупі жоғары нақты мақсатты топтармен жұмысқа баса мән берілді», деді министр А. Балаева.