Қазақстан • 26 Мамыр, 2021

Халыққа сапалы діни ақпарат беретін 229 насихат тобы бар – министр

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 18 діни бағытта 3 848 бірлестік ресми тіркелген. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз құзыреті шегінде олардың әрбірімен тығыз жұмыс істеп келеді. Бұл туралы министр Аида Балаева халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халыққа сапалы діни ақпарат беретін 229 насихат тобы бар – министр

«Министрлік негізгі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бірінші – интернеттегі діни экстремизм идеологиясына қарсы күрес, екінші – нақты мақсатты топтармен ақпараттық-түсіндіру жүргізу, үшінші – жат діни ағым құрбандарын оңалту жұмыстары», деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Оның айтуынша, радикалды діни ағымдар идеологиясы негізінен интернет ресурстар арқылы таралады. Бұл ретте, экстремистік діни ақпараттың алдын алу мақсатында интернет желілеріне ұдайы мониторинг жүргізіледі. Былтыр осындай 73 000 деструктивті материал бұғатталып, БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы 80 000-нан астам діни ағарту жұмыстары жарияланды. 

Халыққа сапалы діни ақпарат беру мақсатында бүгінде 229 түсіндіру-насихат тобы бар. Жоғары сауатты, кәсіби сарапшылардан тұратын үгіт-насихат тобы 1,5 миллион халықты қамтыған 16000-нан астам нақты ағарту шараларын жүргізді. Әсіресе радикалды діни ағымдар ықпалына түсу қаупі жоғары нақты мақсатты топтармен жұмысқа баса мән берілді», деді министр А. Балаева.