Оқиға • 26 Мамыр, 2021

Теміртаудағы комбинатта екі жұмысшының үстіне балқыған металл төгіліп кетті

899 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртау қаласындағы ең ірі металлургиялық комбинатта оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теміртаудағы комбинатта екі жұмысшының үстіне балқыған металл төгіліп кетті

ОКЦ-ының миксер бөлімшесінде кранды көтеру кезінде шойын тасығыш шөміш құлап кеткен. 1984 жылы туған кран машинисі Ж. дене бетінің 20% жуығы 2,3 дәрежелі күйік алды. 1994 жылғы кран машинисі М. 3,4 дәрежелі күйік алды (дене бетінің шамамен 70%). Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

«Жүргізілген реанимациялық шаралардан кейін, зардап шеккендер Қарағанды қалалық ОМО күйік орталығына жеткізілді.

Бұл факті бойынша тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Жазатайым оқиғаның салдары мен себебі тексеру жүргізілген соң белгілі болады. Бұл туралы қосымша хабарлаймыз», дейді облыстық еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова.