Ауа райы • 26 Мамыр, 2021

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

795 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

27 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады.

27 мамырда Атырау облысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтау қаласыда күндіз найзағай ойнайды.

27 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады. 

Батыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз кей жерлерде 35°C қатты ыстық болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Орал қаласында күндіз екпіні 18 м/с жел болады.

Күндіз Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, 38 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Қостанай облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық, найзағай, бұршақ жауады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Семей қаласында да 35 градус ыстық болады.

Жезқазған қаласында күндіз найзағай, екпінді жел және 35 градус қатты ыстық сақтылады.