Әлем • 26 Мамыр, 2021

Әлем елдерінде карантиндік шектеулер жеңілдетілді

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында 29 сәуірде енгізген толық локдаун 24 мамырда аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем елдерінде карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Енді азаматтарға жұмыстан тыс уақытта автобустар мен пойыздар сияқты қоғамдық көліктермен 50%  жүктемемен жүруге рұсат беріледі. Ал кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен жасы 65-тен асқан қарттардың үйден шығуына тыйым салынған. 

Чехиядағы мейрамханалар, дәмханалар мен барлар 24 мамырдан бастап жарты жылға жуық мәжбүрлі үзілістен кейін террассаларында қонақтарға қызмет көрсетуді қайта бастады. Әкімшілік пен қызмет көрсетуші персонал санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының барынша сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Мұны полиция қызметкерлері бақылайды.

Англияда коронавирустық инфекцияға қарсы  шектеулерді алып тастаудың жаңа кезеңі басталды. Ұлыбританияда үкімет жоспарлағандай, дүйсенбіден бастап карантин кезінде енгізілген кейбір шектеулер алынып тасталады.