Оқиға • 26 Мамыр, 2021

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, жаяу жүргінші көз жұмды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жүк және жеңіл көлік соқтығысып, жаяу жүргіншілер жолындағы кісі көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, жаяу жүргінші көз жұмды

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Shacman» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі бұрылыста қарсы келе жатқан «BMW» маркалы автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Сол кезде жүк көлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, жаяу жүргіншілер жолымен жүріп келе жатқан Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Ал «BMW» автокөлігінің жүргізушісі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

«Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – қарапайым ережені бұзу. Жүргізушілер тәуекелге барып, орны толмас өкінішке душар болып жатады. Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін сақтауға шақырамын. Сіздің ойланбай істеген әрекетіңізден ешбір кінәсі жоқ адам зардап шегуі мүмкін. Бұл жерде өз жөнімен кетіп бара жатқан әйел қаза тапты», дейді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.