Аймақтар • 26 Мамыр, 2021

Қазалы ауданында «Баспасөз орталығы» ашылды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген «Баспасөз орталығында» алғаш рет аудан әкімі Мұрат Ергешбаев журналистерге арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазалы ауданында «Баспасөз орталығы» ашылды

Брифингте Мұрат Ергешбаев аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, құрылыс, жол жөндеу, газдандыру бағытындағы ауқымды жұмыстар бар екенін ерекше айтты.

Биыл аудандық маңызы бар 50 шақырым жол мен елді мекенішілік 30 көшені жөндеуге 3,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазір аудан орталығындағы 2 көше, Ақтан батыр ауылында 1 көше, Қ.Пірімов ауылында 1 көшені асфальттау жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Ал Әйтеке би кентіндегі Әбілқайыр хан және С.Мұқанов көшелері қайта жаңғыртылып, Қарасақал Ерімбет бұрылысы, М.Мәметова, Р.Бағланова көшелері, Қазалы қаласындағы 10 көшені асфальттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде Әйтеке би кенті мен Ғ.Мұратбаев ауылы «көгілдір отынға» қосылған. Енді аудан орталығына жақын Жалаңтөс батыр, Қашақбай Пірімов және Басықара ауылдарын газдандыру үшін қаржы бөлініп, жобасы әзірленуде.