Футбол • 27 Мамыр, 2021

Кубок жеребесі тартылды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Футбол үйінде 2021 жыл­ғы Қазақстан кубогының топтық кезе­ңінің жеребесі тартылды.

Кубок жеребесі тартылды

Биылғы маусымнан бастап футболдан Қазақстан кубогының форматы өзгергені белгілі. Бұрын әр кезеңде қарсыластар жеребе арқылы анықталып отыратын болса, осы жылдан бастап алғаш Бірінші және Екінші лига өкілдері өзара іріктеу ойындарын өткізіп, топтық кезеңге өзгелерден мықты болған екі команда жолдама алды. Іріктеу қорытындысы бойынша, №8 БЖМОРСМ және «Мақтаарал» командалары топтық кезеңде бақ сынайтын болды. Аталған екі клуб ел чемпионатының 14 өкіліне қосылып, 4 топқа бөлінді.

Жеребе қорытындысы бойынша, төрт топта мына командалар ойнайтын болды:

«А» тобы: «Шахтер», «Ордабасы», «Қызыл-Жар», №8 БЖМОРСМ;

«В» тобы: «Тобыл», «Тараз», «Атырау», «Мақтаарал»;

«С» тобы: «Астана», «Қайсар», «Ақтөбе», «Ақжайық»;

«D» тобы: «Қайрат», «Жетісу», «Каспий», «Тұран».

 Әр команда топта 6 ойын өткізеді («үйде» және «қонақта» форматы бойынша). Топтың екі үздік командасы турнирдің ¼ финалына шығады. Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі ойындар 10 шілдеде бас­талады.