Қазақстанның Ұлттық паралимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Иордания астанасы – Амманда өтіп жатқан Азия аймақтық іріктеу жарысына ерлер арасында 75 кило салмақта қатысып жатқан Нышан Өмірәлі мен әйелдер арасында 58 килода бақ сынаған Кәмила Ақылбай турнир жеңімпазы атанып, Олимпиада жолдамасына ие болды.
Еске сала кетсек, былтыр қаңтар айында паралимпиадашылар арасында ең алғашқы болып жолдаманы пара таэквондошы Нұрлан Домбаев иеленген еді. Жалпы есепте Қазақстан құрамасынан Токиода 3 пара таэквондошы бақ сынамақ.