Аймақтар • 27 Мамыр, 2021

Вакцинаның маңыздылығын түсіндіретін мобильді топ құрылды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудың маңызын түсіндіретін мобильді топ құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцинаның маңыздылығын түсіндіретін мобильді топ құрылды

Мобильді ақпараттық топ мүшелері алдымен С.Мұқашев атындағы колледждің ұжымымен кездесу өткізді. Топ құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев, өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов, сондай-ақ облыстық білім басқармасының басшысы Сәтқан Есенғалиев бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша,  өңірде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 50 мыңнан асты. Вакцинаның толық компонентін салдырғандар  қатары 20 мыңнан астам адамды құрап отыр.

«Атырау облысына 1 ақпан мен 26 мамыр аралығында 74 200 доза вакцина жеткізілді. Мамырдың соңына дейін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде вакцина дозаларының тең жартысы игерілді. Халыққа түсіндіру жұмысы өте қажет. Өйткені, тұрғындар вакциналау туралы барлық ақпаратты тиісті басқарма басшыларының өзінен естігісі келеді», дейді Асхан Байдуәлиев.