Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт 25 мамырда кешкі сағат 22:00 шамасында тұтанған.
«Аудан орталығы – Құлсары қаласынан 8 шақырымдағы «Құлсары-Бейнеу» тас жолының маңында орналасқан қоқыс полигонында қалдықтар өртенді. Полигон «Жылыой тазалық» ЖШС-нің теңгеріміне алынған. Экология департаментінің мамандары өрт болған жерден сынама алды. Енді тексеру жүргізу басталады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.