Технология • 27 Мамыр, 2021

Қазақ тіліндегі аудионы мәтінге айналдыратын қосымша шықты

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ тіліндегі аудионы бірден мәтінге айналдыратын қосымша пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақ тіліндегі аудионы мәтінге айналдыратын қосымша шықты

Қосымшаның атауы – TezText. Galamat tech компаниясы қазақ тілінде осындай  қосымша жасап шыққан. Оларға АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі қолдау көрсеткен. Мобильді қосымша App Store мен Play Маркет арқылы тегін жүктеп алуға болады.

Қосымшаны құрастырушы компания басшысының айтуынша, TezText журналистер мен интернет қолданушылардың жұмысын біршама жеңілдетеді.