Аймақтар • 27 Мамыр, 2021

Атырауда 184 кәсіпкерлік нысаны «Аshyq» жобасымен жұмыс істейді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы өңірде «Аshyq» пилоттық жобасына 184 кәсіпкерлік нысаны қосылып, жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 184 кәсіпкерлік нысаны «Аshyq» жобасымен жұмыс істейді

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырованың айтуына қарағанда, Атырауда «Аshyq» пилоттық жобасын іске асыру 26 сәуірде басталған еді.

«Қазір өңірде 225 кәсіпкерлік нысанының иесі жобаға қосылуға ниет білдірді. Ал, 184 нысан QR-кодпен жұмыс істеуді бастады. Оның ішінде 34 нысанда сынақ режимінде қолданылуда. Кәсіпкерлер пилоттық жобаға қосылу үшін «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалына хабарласа алады», дейді Гүлназ Ербатырова.