Аймақтар • 27 Мамыр, 2021

Қазалы ауданының әкімі тағайындалды

1078 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазалы аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Қазалы ауданының әкімі лауазымына Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазалы ауданының әкімі тағайындалды

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімін Қазалы осы ауданда өткен жиында таныстырды.

Мұхтар Оразбаев 1971 жылы Арал қаласында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Аралбалық» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі ретінде бастаған. 2000-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылғы қараша айынан бастап Арал ауданының әкімі қызметін атқарып келді.