Қазақстан • 27 Мамыр, 2021

Алкогольсіз сусындарды акциздеу банкроттық пен бағалардың өсуіне бастамай ма?

679 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Бұл күндері бизнес өкілдері мен денсаулық жөніндегі сарапшылары алкогольсіз сусындарды акциздеу осы саладағы өндірушілердің банкроттығына, жұмыс орындарының айтарлықтай қысқаруы мен бағалардың өсуіне әкеледі, деген алаңдаушылықтарын алға тартып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алкогольсіз сусындарды акциздеу банкроттық пен бағалардың өсуіне бастамай ма?

Осы мәселені бүге-шігесіне дейін талқылаған баспасөз мәжілісінде құрамында қант бар алкогольсіз сусындарға (ҚАС) акциздік салықты енгізудің салдарлары туралы түрлі пікірлер айтылды.

Осылай бола қалған жағдайда, «ҚР алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілері» қауымдастығы өндіріс көлемі жартылай азайып, экономиканың түрлі секторларында 15 мыңнан астам жұмыс орындарының қысқаруын болжайды. Себебі, сусындар өндірісінде бір жұмыс орны жанама салаларда 7-ден 10-ға дейін жұмыс орнын құрайды.

Сонымен «ҚР алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілері» қауымдастығының жетекшісі Әлия Мамытбаеваның айтуынша, қазақстандық билік құрамында қант бар сусындарға акциз енгізуді ұсынып отыр және оны ұлт денсаулығына деген қамқорлық көрсетумен түсіндіреді. Билік темекі өнімдерінің акциздік салық моделін қолданғысы келеді, бұл дұрыс емес. Өйткені құрамында қант бар сусындар, оның ішінде шырындар, шырыны бар сусындар, лимонадтар, жеміс сусындары, компоттар – кондитерлік өнімдер, тәтті бөлкелер, сүт және басқа да өнімдер сияқты өнім және калория жеткізушісі.

Мәселен, 2015-2018 жылдары Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы мен ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушылық қызметі жаһандық зерттеулер жүргізіп, құрамында қант бар сусындар инфекциялық емес аурулардың немесе семіздіктің дамуына әсер ететін өнімдердің қатарына кірмейтінін дәйектеген. Керісінше, бұл мәселе отандастарымыздың көмірсулары басым және ауыз су режимі жеткіліксіз, негізінен нан мен ұн өнімдерімен көбірек тамақтанатынымен байланысты туындайтыны анықталған. Алайда, ҚР мемлекеттік органдары бұл нәтижелерді елемейді, бұл өз кезегінде таң қалдырарлық жағдай, дейді баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, Әлия Мамытбаева билік органдарының ДДҰ-ның құрамында қант бар сусындарға салық салу экономикалық тиімді шара болып табылмайтыны көрсетілген қорытындыларын да елемейтінін атап өтті. Бұл 2017 жылдан бастап ДДҰ-ның барлық есептерінде көрсетілген. 

«Мұны McKinsey Жаһандық институты, ХВҚ және ЭЫДҰ қоса алғанда беделді халықаралық ұйымдар жүргізген тәуелсіз халықаралық зерттеулердің нәтижелері де растайды, оған сәйкес салықтар денсаулыққа оң әсер етпейді, бірақ экономикаға айтарлықтай теріс әсер етеді және ең алдымен аз қамтылған халықтың қалтасына соққы болады», - дейді Әлия Мамытбаева.

Ә.Мамытбаева, Чили, Мексика, Сауд Арабиясы сияқты елдерде және ҚҚС жоғары тұтынумен сипатталатын басқа де елдерде қолданылған салық салудың гипотетикалық сценарийі Қазақстан үшін қолайсыз, өйткені алкогольсіз сусындарды отандық тұтыну бір қазақстандыққа жылына орта есеппен 36,7 – ден 49,2 л. құрайды (2012 жылдан 2019 жылға дейінгі кезең, бұл 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік көрсеткіштен 41,2%-ға аз) Зерттеу деректері бойынша, құрамында қант бар сусындардың қазақстандықтар рационының құнарлылығына қосқан үлесі шамалы ғана және 2%-дан төмен.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институты саланың ағымдағы жай-күйін, сондай-ақ кейбір елдердің тәжірибесін ескере отырып, қант қосылған алкогольсіз сусындарға акциздік алымдарды енгізу шараларының әлеуметтік-экономикалық салдарларына кешенді талдау жүргізгенін атап өткен жөн. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша ҚАС-қа акциз енгізу практикасының таралуына қарамастан, Қазақстанда осындай шараны іске асыру саланың жай-күйіне, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен тұтынушылық мінез-құлқына ықтимал әсерін ескере отырып, ҚАС-қа салық енгізудің орындылығын жан-жақты зерделеуді талап ететіні анықталды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, халықтың тұтынушылық мінез-құлқын түзету үшін фискалдық реттеу шараларын ғана емес, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ақпараттық-ағарту жұмысын да қамтитын кешенді саясатты іске асыру қажет.

Зиянды азайту саласындағы сарапшысы және «Денсаулық» қауымдастығының төрайымы Бақыт Түменова: «Қант, қалыпты мөлшерде, ағзаның үздіксіз жұмыс істеуі, ми қызметінің дұрыс дамуы мен ынталандырылуы үшін қажет. Алайда, мемлекет ұлттың денсаулығына деген сылтаумен қант қосылған сусындар шығаратын, салықты көбейтетін адамдармен күресуді бастағанда, қант – бұл әлеуметтік өнім екенін ұмытып кетеді. Біздің халқымыздың жартысына жуығы ауылда тұрады және күн сайын балаларына тәтті сусындар сатып алуы екіталай, ал балалар әлі де қантты пайдаланады, қант себілген нан мен май жейді. Сондықтан бизнеспен күресудің қажеті жоқ, бірақ бала кезінен тәттіге дұрыс көзқарас қалыптастыру керек. Денсаулық адамның өмір салтына тікелей байланысты екенін түсіну керек. Мемлекет халықтың дұрыс өмір салтын ұстануы, өз денсаулығына, дұрыс тамақтану әдеттеріне саналы және жауапкершілікпен қарауы үшін ағарту жұмыстарын жүргізуі тиіс». Б.Түменова халық бизнесті салықтармен өлтірудің орнына таңдау жасауы үшін мемлекет бизнесті нөлдік қант немесе жасанды қант алмастырғыштары бар балама сусындарды өндіруге ынталандыруы керек деп санайды.

РМҒА Тамақтану институтының талдамалық зерттеу әдістері зертханасының жетекшісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Константин Эллердің айтуынша, мұндай жасанды және негізсіз шаралар мен тыйымдар тек өнімнің бағасын көтереді және қазақстандықтардың қандағы қант деңгейіне әсер етпейді.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының шырындар, су және сусындар өндірушілер одағының президенті Максим Новиков Ресейде: «Құрамында қант бар алкогольсіз сусындарды тұтыну қанттың жалпы тұтынылуына өте аз үлес қосады және көп бөлігі (55%-дан астам) аталмыш шай қасық арқылы тұтыну болып табылады (тосап, шайға қант  қосу және т.б.)». Сондай-ақ, ол экономика Жоғары мектебі жүргізген талдамалық есептеулерді мысалға келтіреді, бұл «ҚАС-қа акциздік реттеуді енгізу кезінде бюджет үшін экономикалық тиімділік қарама-қайшы икемділікке  және сатылымдар мен басқа да көрсеткіштердің төмендеуіне байланысты теріс болып табылады. Ал екінші нәтиже – мета-деректер негізінде, осы шаралар енгізілген елдерде, құрамында алкоголь бар сусындардың сол баға санатында нарықта ҚАС пайдалану төмендеген кезде халық құрамында алкоголь бар сусындарға ауысатыны анықталған.  Мұнда келесі сұрақ туындайды – сонда СӨС әсері неде?»

Баспасөз-конференциясында сондай-ақ, акциздің 20%-ы енгізілген кезде өндіріс 26,4%-ға төмендеп, сусындарға баға күрт өсетіні, ал келесі жылы акциз енгізілгеннен кейін салық салынатын сома 131,56 млрд.теңгеден 96,83 млрд. теңгеге дейін төмендейтіні атап өтілді. Акцизді енгізу де жұмыссыздыққа алып келеді, шамамен – 12 592 адам өз жұмысынан айрылады, оның ішінде 1574 адам негізгі салада, ал 11 018 адам аралас салаларда. Жалақы қорынан салық түсімдерінің төмендеуі 5,84 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде жеке табыс салығы 10% - ға ( 2,72 млрд.теңге сомасына) төмендейді. Корпоративтік табыс салығының 5,21 млрд. теңгеге, ҚҚС 4,17 млрд. теңгеге төмендеуі болжануда.  Салықтардың барлық түрлері бойынша бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі 15,22 млрд.теңгені құрайды. Негізгі капиталға жылдық инвестициялар көлемі 6 млрд теңгеге төмендейді.

Барлық зерттеулерді, әсіресе құрамында қант бар сусындардың негізгі ИЕА және семіздіктің пайда болуының негізгі себебі болып табылмайтындығын ескере отырып, Қазақстанның мемлекеттік органдары мүдделі қоғамдық ұйымдар арқылы түсіндіреді және ілгерілетеді, конференция спикерлері бұл ұсынысты кезекті рет алып тастауды ұсынады, өйткені ұсынылып отырған шара сауықтыру жоспарында күтілетін нәтиже бермейді, алайда сала үшін салдары, әсіресе дағдарыс кезеңінде елеулі болмақ.

 

 

 

АЛМАТЫ